Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасындағы соңғы кездесуін «Астана Арена» стадионында Словакияға қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport+.
Матч 2:2 есебімен тең аяқталды. Қазақстан құрамасы сапында Ислам Чесноков пен Ян Вороговский гол соқты.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы өнерін аяқтап, өз тобында соңғы орынға тұрақтады.
Қазақстан — Словакия — 2:2
Голдар: Ислам Чесноков (29), Ян Вороговский (65) — Роберт Боженик (56), Адриан Капралик (90+5).
