17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2026/27 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің алғашқы раундында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Кутаиси қаласында өткен шағын турнирдің қорытынды матчында Русланжан Раимбакиевтің шәкірттері грузиялық құрдастарымен 1:1 есебімен тең ойнады.

Рамаз Шенгелия атындағы стадионда өткен алаң иелеріне қарсы кездесу тартысты өтті. Бірінші таймда стандартты жағдайдан кейін Грузия құрамасы есеп ашқанымен, үзілістен кейін қазақстандық футболшылар тізгінді қолға алып, ойын барысында толық басымдық танытты.

Қазақстан құрамасы сапында жауап голын Әли Садырбаев соғып, кездесудің қорытынды есебін тіркеді — 1:1.

Грузия U-17 — Қазақстан U-17 — 1:1

Голдар: Очигава 42 — Садырбаев 87