Қазақстанның 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Тбилисиде өткен жолдастық кездесуде Грузия құрамасын 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық футболшылар сапында Расул Досан мен Дәулет Орынбасар гол соқты.
Қос құрама арасындағы екінші жолдастық кездесу 17 қарашада өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 18:00–де басталады.
Грузия U-18 — Қазақстан U-18 — 1:2 (0:1)
Голдар: Манчкашвили (88) — Досан (1), Орынбасар (50).
