Шорт-тректен әлемдік турдағы нәтижелер
Канадада шорт-тректен әлемдік турдың екінші кезеңі өтуде, деп хабарлайды Sport+.
Жарыстың екінші күні қазақстандықтар келесі нәтиже тіркеді:
Денис Никиша 500 метрге Б финалында шығып, мәреге екінші болып келді. Қорытынды есепте ол 6 орында.
Сонымен қатар, біздің спортшылар ерлер, әйелдер және аралас эстафета бойынша жартылай финалда өнер көрсетіп, Б финалына өтті. Әйелдер арасында жеңімпаздар белгілі, Қазақстан бесінші орында.
Монреалдағы бәсеке 3 қазан күні аяқталады.