«Фенербахче» мен «Трабзонспор» турдың орталық ойынында бес гол соқты (видео)
Түркия чемпионатының 22-туры аясында «Фенербахче» мен «Трабзонспор» кездесті, деп хабарлайды Sport+.
Ыстамбұлдықтар сырт алаңда қарсыласын 3:2 есебімен жеңе алды. «Фенербахче» сапында Талиска, Керем Актюркоглу және Марко Асенсио гол соқты.
Алаң иелері сапында Эрнест Мучи мен Пол Онуачу мергендік танытты.