«Елімай» колумбиялық шабуылшымен келісімшартқа отырды
Семейлік «Елімай» 28 жастағы колумбиялық шабуылшы Дубан Фелипе Паласио Москерамен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футболшы 1997 жылғы 16 наурызда Колумбияның Эль-Багре қаласында дүниеге келген. Оның бойы — 179 см, ал футбол әлемінде ол «Фрейлехон» деген лақап атпен танымал.
Паласио кәсіби мансабын 2016 жылы Колумбияның «Хагуарес де Кордоба» клубында бастаған. Карьерасы барысында ол Латын Америкасының бірнеше клубында ойнаған және сенімді, техникалық шебер шабуылшы ретінде өзін көрсете білген.
Соңғы клубы — Боливияның «Насьональ Потоси» командасы, онда өткен маусымда 36 ресми матч өткізіп, 7 гол соққан.