Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы ойындар күнтізбесі
Футболдан Қазақстан құрамасы 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасында С3 топбына түсті. Қарсыластарымыз — Словакия, Фарер аралдары және Молдова құрамалары, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының ойындар күнтізбесі:
26.09.2026 | 21:00
Фарер аралдары — Қазақстан
29.09.2026 | 23:45
Словакия — Қазақстан
02.10.2026 | 19:00
Қазақстан — Молдова
06.10.2026 | 19:00
Қазақстан — Фарер аралдары
14.11.2026 | 00:45
Молдова — Қазақстан
16.11.2026 | 20:00
Қазақстан — Словакия
Айта кетейік, Ұлттар лигасы матчтары қыркүйек айында басталады. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар жоғары дивизионға өтуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ 2028 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін ойнайды.