Евгений Козлов: Қазақстан үшін тер төгуге дайынмын
Ресейлік жартылай қорғаушы Евгений Козлов Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Қазақстан құрамасында ойнауға ниет білдірді.
– Евгений, сіз Қазақстан азаматтығын алатыныңыз жайлы ақпарат бар. Бұл рас па?
– Иә, рас. Алайда, бұл процедура тез емес.
– Олай болса, Қазақстан құрамасында ойнауға ниетіңіз бар деп айта аламыз ба?
– Менің халықаралық аренада Қазақстанды таныстыруға ниетім зор. Мен ұлттық құраманың барлық матчтарын көрдім, және де Магомед Мұсаұлы Адиевтің командаға қоятын ойын стилі маған өте жақын.
– Процедура аяқталғаннан кейін ұлттық құрамаға қосылу мүмкіндігін қалай бағалайсыз? Мысалы, жақында Александр Зуев азаматтығын ауыстырып, командаға сәтті қабылданды.
– Бәрі бас бапкерге байланысты болады, бірақ мен футбол алаңында өз жұмысымды жалғастырамын. Егер қажет болса, мен әрқашан ұлттық құрама үшін күресуге дайынмын.
Естеріңізге сала кетейік, Евгений Козлов жақында үнділік «Мохаммеданға» ауысқан болатын. Өткен маусымда жартылай қорғаушы «Атырау» сапында сегіз гол соғып, клубтың үздік бомбардирі атанды.