Али Алиев: Біздің команда психологиялық тұрғыдан тұрақты
«Қызылжардың» бас бапкері Али Алиев Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында команданың «Тұранмен» ойнау жоспары туралы сұраққа жауап берді.
— «Тұранмен» матчқа дайындық қалай өтті?
— «Атырау» матчында бұлшық еттеріне ауыр соққы алған Ұлар Жақсыбаевты қоспағанда, негізгі құрамның барлық дерлік ойыншылары оралды. Жігіттер «мұнайшылардан» жеңілісті ауыр қабылдады, өйткені бұл команданың көңіл-күйіне әсер етті. Менің ойымша, бұл қалыпты жағдай және барлық спортшылар осылай әрекет етуі керек. Жеңіліспен келісуге болмайды және жаттығу процесінде футболшылардың дйындыққа көп көңіл бөлетіні байқалды.
— «Атыраудан» жеңіліс команданың өзіне деген сенімділігін төмендетті ме немесе керісінше команданы бір мақсатқа жетуге біріктірді ме?
— Біздің команда психологиялық тұрғыдан тұрақты. Командада керемет қайта құруды жүзеге асырып, ойыншылар «Тұранмен» ойынға көбірек эмоциялар береді.