«Ақтөбе» лондондық «Арсеналдың» бапкері келді
Лондондық «Арсенал» бапкері Грённемарк «Ақтөбе» футбол клубымен тәжірибе бөлісуге келді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
50 жастағы даниялық бапкер Томас Грённемарк «Ақтөбенің» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына келіп қосылды.
Негізі бобслей спортының шебері болса да, футболда бағы жанған дат маманы ағылшындық «Ливерпуль» мен «Арсенал» клубтарына аут лақтырудан жәрдемдескен. Одан бөлек, өз отанындағы «Хорсенс», «Виборг», «Мидтьюлланн» және «Силькеборг» ұжымдарына еңбегі сіңген.
Жаттықтырушы «Ақтөбенің» бапкерлік штабына бір аптадай уақыт көмек береді. Грённемарк — допты алысқа лақтырудан Гиннесс кітабы рекордының иегері.