logo

«Елімай» Яшинмен қоштасты

«Елімай» Яшинмен қоштасты

Семейлік «Елімай» 31 жастағы ресейлік қорғаушы Дмитрий Яшиннің клубтан кеткенін жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Яшин келісімшартының мерзімі аяқталғандықтан командадан кетеді. Бұған дейін футболшы ресейлік «Терек», «Сокол», «Байкал», белорусиялық «Торпедо», «Луч», «Крумкачі», сондай-ақ армениялық «Гандзасар» клубтарында өнер көрсеткен. Өткен жылы «Ақтөбе» сапында 15 матч өткізген.

«Елімай» құрамында қорғаушы 25 ойынға қатысып, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.