logo

«Шахтер» түлегі «Елімаймен» келісімшартқа отырды

«Шахтер» түлегі «Елімаймен» келісімшартқа отырды

«Елімай» футбол клубы 27 жастағы қазақстандық қақпашы Егор Цуприковпен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп жазады Sport+.

Егор Цуприков өзінің кәсіби мансабын 2013 жылы «Шахтер-Булат» командасында бастады. Негізгі команда сапында 2018 жылы «Қайсарға» қарсы сырт алаңдағы ойында дебют жасады. Сонымен қатар, Қазақстан 17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасында өнер көрсетті.

2022 жылы ол «Тобол» құрамында ойнағанымен, бір жылдан кейін Қарағандыға қайта оралды.

Қазақстан Премьер-лигасында қақпашы жалпы 45 матч өткізіп, оның 8-інде қақпасын голдан қорғап шыққан.