logo

Елена Рыбакина Уимблдонның жартылай финалындағы мүмкіндігі жайында айтты

Елена Рыбакина Уимблдонның жартылай финалындағы мүмкіндігі жайында айтты

Уимблдон-2022 жеңімпазы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина биылғы турнирдің жартылай финалына шыққан соң Лондонда екінші титулын иелену мүмкіндігі жайында айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan 

 «Әрине, жеңіске жетіп, жетістігімді қайталағым келеді. Межеге жақындадым, дегенмен алда әлі екі матч пен мықты қарсыластар бар. Ойыннан ойынға жалғап келем, әзірше бәрі ойдағыдай. Әрі қарай да осы ұстанымда жалғастыруға тырысамын»

Өз мансабындағы Уимблдонның екінші финалына шыға мүмкіндігі үшін Рыбакина «Ролан Гаррос» — 2021 жеңімпазы чехиялық Барбара Крейчиковамен таласады. Қарсыласы ширек финалда Елена Остапенкодан айласын асырған.



Күн шежіресі