logo

Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалында

Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалында

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

1/8 финалда Рыбакина ресейлік Анна Калинскаямен ойнады. Қазақстандық спортшы матчты 0:2 есебімен бастады, бірақ кейін бірінші сетте 6:3 жеңіске жетті. Екінші сетте есеп 3:0 болғанда, қарсыласы ойынды жалғастырудан бас тартты.

Ширек финалда Рыбакина украиндық Элина Свитолинамен кездеседі.



Күн шежіресі