logo

Жібек Құламбаева Сербияда өткен ITF турнирінің жартылай финалына шықты

Жібек Құламбаева Сербияда өткен ITF турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Сербиядағы ITF сериясы турнирінің ширек финалындағы кедергіні еңсерді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Құламбаеваның қарсыласы Румыния өкілі Кармен Андреа Эреа болды. Матч қазақстандық спортшының 6:3, 6:4 есебімен екі сетте жеңіске жетуімен аяқталды.

Финалға шығу үшін Жібек Чехия елінің өкілі Михаэла Байерловамен бақ сынасады.