Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA-500 турнирінің чемпионы атанды
Қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өткен WTA-500 санатындағы турнирде чемпион атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Финалдық матчта спортшы әлемнің 27-ші ракеткасы, украиналық Марта Костюкты екі сетте сенімді түрде жеңді. Ойын 6:2, 6:2 есебімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 9 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена Рыбакина алты брейк-пойнттың төртеуін іске асырып, қарсыласының үш брейк-пойнтын құтқарды (100%).