logo

Рыбакина WTA турнирінің жартылай финалында әлемнің үздік теннисшісін жеңді

Рыбакина WTA турнирінің жартылай финалында әлемнің үздік теннисшісін жеңді

Қазақстандық, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA-500 сериялы турнирінің жартылай финалында ойнады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Финалға шығу үшін Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, поляк Ига Швентекпен кортта кездесті. Кездесу үш сетте 6:3, 4:6, 6:3 есебімен қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды. Матч екі сағат және 49 минутқа созылды.

Елена Рыбакинаның финалдағы қарсыласы екінші жартылай финалда ойнайтын украиналық Марта Костюк пен чехиялық Маркета Вондроушова арасындағы матчтан кейін анықталады.

Атап өтейік, Рыбакина үшін бұл Штутгарт турниріндегі алғашқы жартылай финал болды.



Күн шежіресі