logo

Елена Рыбакина WTA жаңа турниріндегі алғашқы қарсыласын білді

Елена Рыбакина WTA жаңа турниріндегі алғашқы қарсыласын білді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (№4) Германиядағы Штутгарт қаласында өтетін WTA 500 сериялы турнирінде қатысады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Рыбакина екінші айналымнан бастап, Вероника Кудерметова (19-орын, Ресей) мен Барбора Крейчикова (24-орын, Чехия) арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Штутгарттағы турнир 15 сәуірде басталады. Оның жүлде қоры 802 237 еуроны құрайды. Жеңімпаз 123 480 еуро табыс табады. Өткен жылы финалда Ига Швентек (1-орын) беларуссиялық Арина Соболенконы (2-орын) 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, чемпион атанған.



Күн шежіресі