Елена Рыбакина Майами турнирінің ширек финалындағы жеңісі жайлы пікір білдірді
Елена Рыбакина Майамидегі WTA-1000 турнирінің ширек финалында әлемнің тоғызыншы ракеткасы, грек Мария Саккариден басым түскені туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Менде сөз жоқ, өйткені өте қатты шаршадым. Жеңіске қуаныштымын. Бұл ауыр шайқас болды. Біз бұрын ойнаған кезде де бәрі дәл осылай болатын. Жаңа доптармен сәттілік жолдас болды, қызмет ету де жеңілрек болды. Енді қалпыма келу керек», - деп атап өтті Рыбакина.
Жартылай финалда Елена әлемнің 32-ші ракеткасы, белоруссиялық Виктория Азаренкоға қарсы ойнайды. Матч 28 наурыз күні өтеді.