Елена Рыбакина АҚШ турнирінің 1/8 финалына шықты
Қазақстанның бірінші және әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина мен WTA рейтингінде 72 орында тұрған америкалық Тейлор Таунсенд арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Матч 2 сағат 26 минутқа созылды. Ойын уақытында Елена Рыбакина қарсыласынан қарағанда көп эйс жасады.
Екінші сетте қиындықтарға қарамастан, Елена тайм-брейкте жеңіліп, үшінші шешуші сетте басымдықты өз жағына аудара алды.
Матч 6:3, 6:7 (3:7), 6:4 есебімен аяқталды.
Келесі айналымда Рыбакинаға әлемнің 18-ракеткасы америкалық Мэдисон Кис қарсылас болады.