Путинцева Майамиде сенсация жасады
 
                                            Қазақстандық спортшы Юлия Путинцева Майамидегі WTA-1000 санатындағы турнирдің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Екінші раундта қазақстандық ресей теннисшісі, әлемнің 15-ші ракеткасы Людмила Самсонованы 6:1, 4:6, 6:3 есебімен жеңді.
Юлия турнирінің 1/8 финалына жолдама үшін әлемнің 79-шы ракеткасы Грет Мененмен (Бельгия) таласады.
 
    