logo

Қазақстан құрамасының Жапонияға қарсы кездесуге арналған құрамы жарияланды

Қазақстан құрамасының Жапонияға қарсы кездесуге арналған құрамы жарияланды

Теннистен Қазақстан құрамасы 12-13 сәуірде Жапонияға қарсы сырт алаңда «Билли Джин Кинг Кубогы» іріктеу жарысын өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Щукин бастаған бапкерлер штабы матч үшін келесі ойыншыларды таңдады: Юлия Путинцева, Зарина Диас, Анна Данилина, Жібек Құламбаева және Аружан Сагандыкова.

Кездесулер Ariake Coliseum аренасындағы қатты жабынды кортта өтеді. «Билли Джин Кинг Кубогы» іріктеу ойындары төрт жеке және бір жұптық кездесуден тұрады және үш сеттік форматта өтеді.

Токиода Қазақстанның көшбасшы ойыншысы Елена Рыбакина өнер көрсетпейді. Биыл жазда Парижде олимпиада ойындары өтеді. Құраманың бапкерлік штабы Еленаның төрт жылдағы ең басты жарысқа мұқият дайындалып, нағыз бабында баруы үшін Жапониямен матчқа шақырмауды құп көрді. Елена үшін олимпиада ойындарында бақ сынау аса маңызды болмақ.