logo

Еламан Шертаев: Маған дағыстандықтармен төбелескен ұнайды, бразилдықтар менімен қазір шықпайды

Еламан Шертаев: Маған дағыстандықтармен төбелескен ұнайды, бразилдықтар менімен қазір шықпайды

Ақтауда өткен NAIZA 64 турнирінде қазақстандық жауынгер Еламан Шертаев қарсыласы Амила Мустафаевты бірінші раундта жеңіп, Sport Plus Qazaqstan телеарнасына жекпе-жек туралы пікір бөлісті.

«Қарсылас жақсы болды. Ол менің дайындаған әдісіме түсіп қалды. Бұрынғы бразилиялық қарсыласыма дәл осы әдісті дайындаған едік, сол әдіс өтті. Былай тұрып жақсы төбелеседі екен. Нұрбек­-бауырыма сәттілік тілеймін, ол АҚШ-на кетеді деген ойдамын, ол негізі UFC-де төбелесетін жауынгерғо. Белбеуін маған тастап кететін болар. Келесі қарсылас? Наби Ашурлаев және Fight Nights чемпионы Мухаммад Эминов деген қарсыластар бар, мүмкін солардың біреуі болып қалар. Екеуіне де ұсыныс жасадым, екеуі де дайын емеспіз деп жекпе-жектен бас тартты. Маған дағыстандықтармен төбелескен ұнайды, бразилдықтар менімен шықпайды қазір», — деді Шертаев.      



Күн шежіресі