Екі қазақстандық жасөспірім әлемнің үздік ондығына енді

Екі қазақстандық жасөспірім әлемнің үздік ондығына енді

Қазақстандық спортшылар FIP Promises ұйымының жасөспірімдер арасындағы Азия рейтингінде жоғары нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+.

18 жасқа дейінгі ойыншыларға арналған FIP Promises Азия рейтингінде бірден екі қазақстандық үздік ондықтың қатарына енді.

Арнұр Тұрсынхан мен Ислам Дүйсенғазин рейтингтің 10-орнына тұрақтады. Бұл — Қазақстан паделінің тарихындағы жасөспірімдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Тағы екі қазақстандық — Санжар Жуасов пен Тимур Ахметов рейтингте 26-орынға көтерілді.

Еске салайық, 12 шілдеде Индонезияда өткен FIP Promises Jakarta турнирінде Арнұр Тұрсынхан мен Ислам Дүйсенғазин 16 және 18 жасқа дейінгі жас санаттарында чемпион атанған болатын.



Күн шежіресі