Елдің үздік падел спортшылары Sport+ арнасында тікелей эфирде өнер көрсетеді
Алматыда паделден Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Ел біріншілігіне осы спорт түрінің үздік өкілдері қатысуда.
Қазақстан чемпионатында ерлер мен әйелдер арасында жеңімпаздар анықталады.
Алғашқы матчтар сағат 10:00–де басталады.
Корттардағы ойындардың тікелей трансляциясын sportplustv.kz сайтынан, сондай-ақ YouTube-тегі sportplus_qaz арнасынан көруге болады.