Қазақстан құрамасы FIP Bronze Baku халықаралық турнирінде өнер көрсетіп жатыр
1–5 шілде аралығында Баку қаласында (Әзербайжан) Халықаралық падел федерациясының (FIP) ресми күнтізбесіне енген FIP Bronze Baku II халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстан ұлттық құрамасының қатысушылары:
Евгений Данилов / Жәнібек Үмбетов
Родион Пак / Никита Сидоров
Алдияр Мұздыбаев / Жақас Қозбақ
Қазақстандық үш жұптың екеуі турнирдің бірінші айналымынан сүрінбей өтті.
Евгений Данилов пен Жәнібек Үмбетов Mohamad Jamshidi / Hosseini жұбын 6:3, 4:6, 7:5 есебімен жеңді.
Ал Никита Сидоров пен Родион Пак Konopko / Zalubski дуэтінен 7:6 (8), 6:3 есебімен басым түсті.
Өкінішке қарай, Алдияр Мұздыбаев пен Жақас Қозбақ грузиялық Davlianidze / Davlianidze жұбына 4:6, 4:6 есебімен есе жіберіп, турнирдегі өнерін аяқтады.