Егембердиевтің қатысуымен АСА 207 турнирінің тікелей эфирі
12 қыркүйекте Краснодарда АСА 207 турнирі өтеді. Турнир аясында қазақстандық Евгений «Метис» Егембердиев октагонға қайта оралады.
Оның қарсыласы Австрия атынан өнер көрсететін Арби Агуев болады. Жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде спортшылардың салмағы бір-біріне өте жақын болды: Арби — 96,8 келі, Евгений — 96,9 келі.
Турнирдің басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы Евгений Гончаров пен UFC-дің бұрынғы үздік ондығына кірген Жаилтон Алмейда кездеседі.
Бірлескен басты жекпе-жекте Кирилл Корнилов пен Хадис Ибрагимов күш сынасады.
Алдын ала жекпе-жектер Астана уақытымен 17:00–де басталады. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.