Жақыпбектің титул үшін жекпе-жегі. Санкт-Петербургтегі Open FC турнирінің тікелей эфирі
30 тамыз күні Санкт-Петербург қаласында OPEN FC лигасының аралас жекпе-жек өнерінен турнирі өтеді.
Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақта Владислав Фокин мен Медғат Жақыпбек кездеседі.
Бұл жекпе-жекте лиганың уақытша чемпионы атағы сарапқа салынады.
Сондай-ақ турнир аясында NAIZA лигасындағы жекпе-жектерімен жақсы таныс Иван Данилов өнер көрсетеді. Самара қаласының тумасы Қазақстанда Рүстем Құдайбергенов пен Тамерлан Саралаповқа қарсы екі қанды жекпе-жек өткізген. Ал Санкт-Петербургте оны отандасы Эрзиман Байрамовпен қарсыласу күтіп тұр.
Сонымен қатар кардта NAIZA-ның тағы бір экс-жауынгері, бразилиялық Рилдеси Лима Диастың жекпе-жегі бар. Ол жыл басында Жұман Жұмабековпен жекпе-жек өткізсе, бірнеше жыл бұрын OCTAGON лигасында Ельжан Алиаскармен кездесуге келген болатын. Енді тәжірибелі бразилиялыққа қарсы ресейлік ММА-ның жас жұлдызы Владислав Калистратов шығады.
Турнирдің толық кард тізімі төмендегідей:

Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады. Ал басты кардты сайттан бөлек Sport+ телеарнасынан да көруге болады.