Медғат Жақыпбек — Open FC лигасының уақытша чемпионы (видео)
Санкт-Петербургте өткен Open FC 68 турнирінде орта салмақтағы лиганың «уақытша» чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті.
Бұл кездесуде қазақстандық Медғат Жақыпбек ресейлік Владислав Фокинмен күш сынасты.
Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен Медғат Жақыпбектің жеңісімен аяқталды.