logo

Эдуард Базров: Фаниль Парсымен жұдықтасар алдында өте жақсы формада болатынына сенімдімін

Эдуард Базров: Фаниль Парсымен жұдықтасар алдында өте жақсы формада болатынына сенімдімін

DAR team бас жаттықтырушысы Эдуард Базров Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Фанил Рафиковтың Қарағандыда өтетін NAIZA 68 турнирі аясында ирандық жауынгер Мұхаммед Хайбатиге қарсы жекпе-жекке дайындығы туралы айтты.

«Фанил Осетияда дайындықтың негізгі кезеңінен өтті, жалпы физикалық дайындығын жақсартты, жақсы спаррингтер өткізді. Өте жақсы жұмыс жасады. Қалған уақыт біз дағдыларды жетілдіреміз, Парсыға қарсы тактикалық сәттерді пысықтаймыз. Ол Нариманмен шайқастағыдай өте жақсы формада болатынына сенімдімін. Ол керемет жекпе-жекті көрсете алады, жеңісті көру үшін бәрін жасаймыз», - деді Базров. 



Күн шежіресі