logo

Эдуард Базров Сағынның оралуы туралы: Біз көрерменге қызықты жекпе-жек көрсетуге дайынбыз

Эдуард Базров Сағынның оралуы туралы: Біз көрерменге қызықты жекпе-жек көрсетуге дайынбыз

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров NAIZA лигасының 52 келідегі бұрынғы чемпионы Қазбек Сағынның октагонға оралуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

«Қазбек жаңа салмақ дәрежесіне өтті, енді біз 57 келіде өзімізді көрсеткіміз келеді. Лига бізге бразилиялық да Сильвамен жекпе-жек өткізу мүмкіндігін беріп отыр. Ол өте мықты, тәжірибелі жауынгер. Сондықтан Қазбек бұл жекпе-жекке байыппен дайындалып жатыр, DAR Team командасымен таулы базада дайындық өткізеді. Қазір жекпе-жекке дайындық жүріп жатыр. Барлығы жақсы болады деп сенемін, әдемі және әсерлі жекпе-жек көрсетуге толықтай дайын боламыз».

Қазбек 22 қыркүйекте NAIZA турнирінде октагонға оралады.



Күн шежіресі