logo

Дзюдодан Қазақстан іріктеу чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Дзюдодан Қазақстан іріктеу чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды. Алғашқы жарыс күнінде әйелдер -48 және -52 келі, ерлер -60 және -66 келі салмақ дәрежелерінде жүлделер үшін бақ сынады, деп хабарлайды Sport+.  

Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан келген 510 татами шебері қатысуда. Қазақстан чемпионаты 18 қарашаға дейін жалғасады.  

Чемпионат қорытындысы бойынша 2025–2026 жылдардағы спорт маусымына арналған Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталады.  

Алғашқы күннің нәтижелері:

Әйелдер
-48 келі:
1. Диана Бүркеева (Жетісу облысы)  
2. Сабина Юлдашбекова (Шымкент)  
3. Зарина Хуснадин (Алматы)  
3. Аружан Данайбек (Жамбыл облысы)  

-52 келі:
1. Толғанай Әбеуова (Ақмола облысы)  
2. Аружан Ережепова (Алматы облысы)  
3. Құндыз Жылқыбай (Қызылорда облысы)  
3. Шара Шуғаева (Алматы)  

Ерлер 
-60 келі:  
1. Нұрадил Алжан (Қостанай облысы)  
2. Мағжан Шамшадин (Қызылорда облысы)  
3. Нұргелді Қанат (Маңғыстау облысы)  
3. Алдияр Қарғұлов (Қарағанды облысы)  

-66 келі: 
1. Ержан Ереңқайыпов (Астана)  
2. Ердәулет Бозжа (Қызылорда облысы)  
3. Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы)  
3. Мирас Жөнісов (Ақтөбе облысы)