logo

Дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын ерлер командасының құрамы жарияланды

Дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын ерлер командасының құрамы жарияланды

Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының жылдың соңғы Grand Slam кезеңіне арналған нақты құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Sport+.

Бұл беделді турнир 7-8 желтоқсан күндері Токиода өтеді.

Команданың бас бапкері Нұрбол Сүлейменов келесі спортшыларды таңдады:

60 келі: Дәурен Сүйікенов

60 келі: Шерзод Давлатов

73 келі: Бахытжан Абдурахманов

81 келі: Жалғас Қайролла

90 келі: Мейірлан Максим

100 келі: Әділет Сапарғалиев

Айта кетейік, бастапқы тізімде Жанарыс Рахметқали (-66 келі) мен Нұрлыхан Шархан (-100 келі) да болған еді.