logo

Қазақстандық балуандар Францияда өткен жарыстан жүлделі оралды

Қазақстандық балуандар Францияда өткен жарыстан жүлделі оралды

Францияның Ницца қаласында күрес түрлерінен өткен Henri Deglane (Анри Деглан) гран-при сайысында қазақстандық балуандар жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Аталған жарыста еркін күрес шеберлері ел намысын қорғады. Олардың қатарынан Әбдіманап Байгенжеев (92 келі) күміс алса, Рифат Сайботалов (70 келі) пен Ерхан Бексултанов (79 келі) қола жүлдегер атанды.

Анри Деглан 1924 жылы Парижде өткен жазғы Олимпиадада 82 келі салмақта чемпиондық атақты жеңіп алды.