logo

Бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2025 жылы бокстан әлем чемпионаттары өтетін елдерді жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Әйелдер арасындағы турнир 2025 жылдың наурызында Сербияның Белград қаласында, ал ерлер арасындағы турнир 2025 жылдың мамырында Қазақстанның Астана қаласында өтеді.

Бастапқыда Қазақстан бокс федерациясы әйелдер арасындағы әлем чемпионатын өткізуге өтініш берген еді, бірақ кейін оны ерлер турниріне ауыстыруды ұсынды, және бұл өзгеріс IBA тарапынан мақұлданды.

Астана 2016 жылы әйелдер арасындағы турнирді өткізген болатын.



Күн шежіресі