logo

Дмитрий Парфенов: Қателіктермен жұмыс істейміз

Дмитрий Парфенов: Қателіктермен жұмыс істейміз

«Ақтөбенің» бас бапкері Дмитрий Парфенов «Тоболмен» ойынды қорытындылады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

«Бірінші таймда прессинг көп болды. Өзіміз көргіміз келгенді жасадық. Қарсыластар жақта белсенді ойнадық, оларды біздің қақпадан алыстаттық, бірақ голдарға қатысты жеке қателердің себебінен нәтиже біздің пайдамызға шешілмеді. Бұл дайындық пен сенімділік мәселесі. Дәл қазір бізге осы жетіспейді. Біз мықты командаға айналуымыз керек. Екінші таймға жігіттер жақсы шықты, гол соқты. Бірақ ойламаған жерден жіберілген қатеден гол соғылса, эмоционалдық тұрғыда қиынға соғады. Тек жұмыс істеу керек! Біз ешқашан кінәліні іздемейміз, дегенмен теория жүзінде қателерді айтамыз. Оған қоса шабуылды күшейтуіміз керек»



Күн шежіресі