Диас Еренғайыповтың жаңа қарсыласы анықталды
Қазақстандық файтер Диас Еренғайыпов Алматыда өтетін «Alash Pride» және «Brave» лигаларының бірлескен турнирінде жаңа қарсыласын анықтады, деп хабарлайды Sport+.
Бұған дейін пәкістандық Исмаил Хан виза мәселесіне байланысты жекпе-жекке шыға алмайтыны хабарланған еді. Енді Еренғайыповқа қарсы қырғызстандық спортшы Рыскулбек Ибраимов октагонға шығады.
33 жастағы спортшы бұған дейін ACA, Eagle FC, Open FC, LFA және Brave сынды лигаларда өнер көрсеткен.
Жекпе-жек 31 мамыр күні турнирдің негізгі кардында өтеді. Турнирді Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.