Тамирлан Саралапов Серікұлы — Чоршанбиев жекпе-жегінің фаворитін атады

Тамирлан Саралапов Серікұлы — Чоршанбиев жекпе-жегінің фаворитін атады

Қазақстандық файтер Тамирлан Саралапов Sport+ арнасына берген сұхбатында NAIZA 84 турнирі аясында Тимур Серікұлы мен Али Чоршанбиев арасындағы алдағы жекпе-жек туралы пікірін айтты.

— Меніңше, Тимур жеңеді. Ол кез келген сәтте мерзімінен бұрын аяқтай алады. Чоршанбиевтің жекпе-жектерін көрмедім, бірақ олардың деңгейлері екі түрлі, — деді Саралапов.

Турнир 6 маусым күні өтеді. Жарыс тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан көрсетіледі.



Күн шежіресі