Давид Лория: Қасым мен Самородов «Ризерспорға» ауысса керемет болар еді
Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Давид Лория Sport Plus Qazaqstan порталына «Ақтөбе» футболшылары Әлібек Қасым мен Максим Самородовқа «Ризерспордың» қызығушылығына байланысты пікір білдірді.
«Егер олар ауысса, керемет болады. «Ризерспор» - өте жақсы клуб, тамаша атмосфера, керемет жағдайлар ұсынылған. База да, стадион да, жанкүйерлер де өте жоғары деңгейде. Қала кішкентай, бейімделу үшін өте қолайлы. Егер бұл ақпарат расталса, Әлібек пен Максим үшін жақсы болар еді», - деді Лория.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық футболшылар Давид Лория мен Самат Смаков «Ризерспор» сапында 2012-2013 жылдары өнер көрсетіп, Түркия Бірінші лигасында чемпион атанған болатын.