logo

Дастан Амангелді: Негізі белбеуді ұтқан чемпион емес, оны қорғаған нағыз чемпион

Дастан Амангелді: Негізі белбеуді ұтқан чемпион емес, оны қорғаған нағыз чемпион

NAIZA лигасының чемпионы Дастан Амангелді Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Абу Нұрболаттың денсаулығына байланысты жекпе-жектен түсіп қалғаны туралы пікір білдірді.

- Кеше түске дейін біреу Абуды ауыстырып шығып қалады ма деп күткенмін негізі. Үш ай дайындалып күткен жекпе-жегім еді. Маған белбеуімді қорғау керек болды. Біздің табыс көзіміз сыйақы, бірақ жекпе-жек өтпеген соң, көп сыйақы бермеді. Осы жері өкінішті. Лига барлық әрекеттерді істеді. Негізі белбеуді ұтқан чемпион емес, оны қорғаған нағыз чемпион деп бекер айтылмаған. Жаңа жекпе-жек? Мен үш ай бойы бабымда болдым, енді бір-екі апта тынығуым керек, себебі организм шаршайды, демалмасам шаршап қаламын. Бір айдан кейін жаңа жекпе-жекке дайын болуым керек, - деді жас файтер.  



Күн шежіресі