Дамир Исмағұлов Fight Nights лигасының президентіне үндеу жасады
Қазақстандық ММА жауынгері Дамир Исмағұлов әлеуметтік желідегі жазбасында Fight Nights лигасының президенті Камил Гаджиевке үндеу жасады, деп хабарлайды Sport+.
Бұл үндеу Павлодарда ақпан айының соңында Дамир мен Фаниль Рафиков арасындағы бокс жекпе-жегін өткізу мүмкіндігі туралы мәлімдемеден кейін пайда болды.
«Камил, Павлодарда Қазақстан қандай жекпе-жекті күтіп тұрғанын білесің», – деп жазды Дамир.
Еске салайық, Исмағұлов Fight Night лигасындағы бокс ережелері бойынша дебютін 2024 жылдың соңында Астанада өткен турнирде жасаған еді.