logo

Черчесов Венгрия чемпионатына қайта оралуы мүмкін

Черчесов Венгрия чемпионатына қайта оралуы мүмкін

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов Венгрияның «Пушкаш академиясын» тізгіндеуі мүмкін, деп хабарлайды Sport+ Legalbet.ru сайтына сілтеме жасап.

Венгриялық клубтың басшылығы Черчесовпен байланыс орнатқанымен, бапкер бұл мүмкіндікті тек қазіргі жаттықтырушы Жольт Хорняктың болашағы айқындалғаннан кейін ғана қарастыруға дайын. Хорняктың келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін жарамды.

Черчесов бұған дейін 2021-2023 жылдар аралығында Венгрияда жұмыс істеп, «Ференцварошты» жаттықтырған. Осы кезеңде ол командамен екі рет Венгрия чемпионы атанып, ел кубогын жеңіп алды. Жуырда ол «Пушкаш академиясы» мен «Ференцварош» арасындағы матчқа қатысып, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті.

Қазіргі уақытта 19 турдан кейін «Пушкаш академиясы» 38 ұпаймен чемпионатта көш бастап тұр, ал «Ференцварош» екі ұпайға қалып келеді.