Әзербайжан Премьер-лигасында легионерлерге шектеу алынып тасталды

Әзербайжан футбол федерациялары қауымдастығы Премьер-лига командаларындағы легионерлер санына қойылған шектеуді алып тастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sport+.
Жаңа ереже 2025/2026 маусымынан бастап күшіне енеді. Жаңа талаптарға сәйкес, матчқа өтінімде 17-ден артық шетелдік ойыншы болмауы керек, ал алаңда бір уақытта 11 легионерден көп ойнауға болмайды.
Айта кетейік, қазақстандық қақпашы Стас Покатилов әзербайжандық «Сабах» клубының намысын қорғайды.