«Қайрат» Дастан Сатпаевтың 2026 жылы «Челсиге» ауысатынын жариялады

Алматылық «Қайрат» 16 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевтың лондондық «Челсиге» трансфері туралы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.
Алматылық «Қайрат» пен лондондық «Челси» жас таланттың ауысуы жөнінде келісімге келді. 2026 жылдың жазында, 18 жасқа толғаннан кейін, ол ресми түрде ағылшын клубының қатарына қосылады. Сол уақытқа дейін Сатпаев «Қайрат» сапында ойнауды жалғастырады.
Жетістіктері:
– QJ League-де 2 маусымда 28 матч, 26 гол, 10 ассист;
– 2024 жылғы QJ League-нің ең құнды ойыншысы;
– Бірінші лигада 5 матч, 1 жеңіс голы;
– Юношеская лига УЕФА-да 4 матч, 1 гол, 1 ассист.
2024 жылдың мамырында, 15 жасында, Сатпаев «Қайрат» тарихындағы негізгі командада дебют жасаған ең жас ойыншы атанды.