Артур Шушеначев ресейлік клубқа жеңіс алып келді

Маусым алдындағы жолдастық матчта ресейлік «Сочи» мен армениялық «Ван» командалары кездесті. Қазақстан құрамасының 26 жастағы шабуылшысы Артур Шушеначев кездесудің басты кейіпкерлерінің бірі атанып, 31-минутта есеп ашты, деп хабарлайды Sport+.
Алайда бірінші таймның соңына қарай «Ван» есепті теңестірді. Ойын тең аяқталуға жақын қалғанымен, 91-минутта «Сочи» ойыншысы Никита Бурмистров жеңіс голын соғып, командасына жеңіс сыйлады.