Черчесов Аустриямен ойыннан кейін: Жеңіліске қарамастан құрамада прогрес бар
Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Аустриядан (0:4) Ұлттар Лигасындағы жеңілісті пікірледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Есеп 0:4 болған кезде айтарым аз. Біз көп қателіктер жібердік. Өзіміздің голдық мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық, және осындай деңгейде мұндай қателіктер жазаланады. Ойынның интенсивтілігі өте жоғары болды. Аустрия әдеттегідей өте жақсы ойнады және тамаша формада. Біз білетіндей, олар прессингте жақсы. Біз тіпті қарсыласқа 1:0 есебін жасауға мүмкіндік берген жоқпыз... Бұл үлкен жеңіліс, бірақ біз осыдан дұрыс сабақ алуымыз керек. Жеңіліске қарамастан, мен Словениядағы ойынмен салыстырғанда прогресті көрдім. Біз үйренеміз, бұл футбол. Келесі ойындарға біз бенімді тәжірибемен келеміз деп сенімдімін», - деді ол.
Қазақстан құрамасы келесі матчын Словения командасына қарсы өткізеді.