«Челси» жас талант Дастан Сәтпаев үшін қанша ақша төлейтілі белгілі болды
Ресейлік инсайдер Иван Карпов «Челси» «Қайраттың» түлегі Дастан Сәтпаев үшін 2,4 млн. еуро, сонымен қатар қонымша бонустар төлейтіні туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Сатпаевтың «Челсимен» бес жылдық келісімшарты 2026 жылдың тамызында, яғни Дастан 18 жасқа толғанда күшіне енеді.
Әзірге қазақстандық футболшылар арасында Сәтпаевтың трансфері рекордты болады. Бұған дейін Нұралы Әліп 2022 жылы «Қайраттан» «Зенитке» 2 млн еуроға ауысқан еді. Ал отандық футболдағы рекордтық сатылым 2018 жылы «Астанадан» испандық «Алавеске» ганалық легионер Патрик Твумаси ауысқанда орын алды, ол кезде испандықтар 3 млн. еуро төледі.
Сәтпаевқа «Челсиден» бөлек көптеген еуропалық клубтар үміткер болды. Олардың арасында «РБ Зальцбург», «Байер», «Бенфика» және «Реал Сосьедад» болды.