logo

«Ақтөбе» экс-футболшысы Өзбекстан құрамасының бапкері болып тағайындалды

«Ақтөбе» экс-футболшысы Өзбекстан құрамасының бапкері болып тағайындалды

«Ақтөбенің» бұрынғы футболшысы Тимур Кападзе Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport+ Өзбекстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Бұл күндері Өзбекстан ұлттық құрамасы Катарда жиын өткізуде. Тимур Кападзе жиынға қосылып, команданымен жұмысқа кіріседі.

Футболшы ретінде Кападзе «Ақтөбе» құрамында 2012-2014 жылдары өнер көрсетті.