Бундеслига төрешілері «Астана» – «Челси» матчында қызмет атқарады
Конференция Лигасының жалпы кезеңінің бесінші турында өтетін «Астана» мен «Челси» (Англия) арасындағы матчты неміс төрешілері басқарады, деп хабарлайды Sport+.
Кездесудің бас төрешісі ретінде Свен Яблонски тағайындалды. Оған ассистенттер ретінде Лассе Кословски мен Марко Ахмюллер көмектеседі. Видео төреші міндетін Паскаль Мюллер атқарады, ал оның көмекшісі ретінде Катрин Рафальски жұмыс істейді. Барлық төрешілер Германия өкілдері.
Матч Алматыдағы Орталық стадионда 12 желтоқсанда өтеді. Кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да басталады.