logo

Стас Покатилов: Бакуда қақпашылар бапкерімен бірге жұмыс істейтінім қызықтырды

Стас Покатилов: Бакуда қақпашылар бапкерімен бірге жұмыс істейтінім қызықтырды

Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов Sport+ тілшісіне берген сұхбатта Әзірбайжанның «Сабах» клубына ауысуын сөз етті.

«Желтоқсан айы бойы және қаңтарды басында келіссөз жүргізілді. Бастапқыда «Ақтөбемен» сөйлестік, бірақ бас бапкер басқа қақпашыны таңдады. Аз уақытта «Сабах» басшылығы байланысқа шығып, келіссөз басталды. Шамамен бір аптада ортақ шешімге келіп, жұмысты бастайтын болдық.

Ауысуымның басты себебі қақпашылар бапкері Алексей Антонюкпен бірге жұмыс істейтінім болды. Бұл маманмен жұмыс істеу мен үшін қызық болып тұр. Алексей Валерьевичпен мен Бакуға келгенге дейін сөйлестік, алдағы жоспарлар мен бірлесе жұмыс істеуіміз жайында айтқан ойлары ұнады. 

«Тобылмен» келісім-шарт мерзімі аяқталды, «Сабах» сапында еркін агент ретінде қосылдым.

Осы маусымға клубқа қандай мақсат қойылғанын әзірше білмеймін, келгеніме бірнеше күн ғана болды. Естуімше, басты мақсаттардың бірі — еурокубоктарға қатысуға мүмкіндік беретін орынға тұрақтау және Әзірбайжан Кубогын иелену»



Күн шежіресі